Bugin
Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар дауыс беру үшін сайлау күні учаскеге барып, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұруы керек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Qazaqstan» арнасына сілтеме жасап.
Премьер-министр «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына осындай толықтыру енгізді.
Онда «Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні белгіленген учаскенің мекен жайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі» делінген.
22 қазанда аталған қаулыға қол қойылып, қолданысқа енгізілді.