Әлем

Түркиядағы терракт: Лаңкес әйел бар шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ыстамбұлдың Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған Ахлам Альбашир Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Cumhuriyet сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің сөзінше, ол Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келген.

«Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым», - деді Ахлам Альбашир. 

Сондай-ақ, түркі басылымдары елде қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Ахлам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталғанын хабарлады.

Айта кетейік, кеше  Ыстамбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.

Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.