Bugin

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, биылғы 10 айда қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген.

2022 жылдың қазанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 170,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

«2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 268 мың. Дәл осы кезеңдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 108 993 теңге», - делінген хабарламада.