Әлем

Соғысты аяқтайтын уақыт келді - Зеленский

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина басшысы Владимир Зеленский Балидегі G20 саммитінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AFP агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек және тоқтатуға болатын уақыт келді деп сенемін», - деді Зеленский.

Ол өз үндеуінде Ресеймен тұтқындарды «барлығын-барлығына» формуласы бойынша алмастыруды ұсынды.

Бұған дейін БАҚ G20 елдерінің көпшілігінің өкілдері соңғы күндері жиналып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын батыл түрде айыптауға келіскенін хабарлаған.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин G20 саммитіне онлайн қатысудан бас тартты. Кремль мұндай шешім оның кестесіне байланысты қабылданғанын түсіндірді. Кездесуге РФ СІМ басшысы Сергей Лавров РФ атынан қатысады.