Өнім

Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық конкурсы өтеді

Құрманғазы оркестрі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүлде қоры 1 млн тг-ні құрайтын республикалық конкурс ұйымдастыруда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз екені анық. Осы орайда ағымдағы жылдың 1-3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған шертпе күйдің үздік орындаушыларын анықтайтын ауқымды конкурс өтеді.

Қазақ даласының түгелдей дерлік өңіріне тараған көне дәстүрді қайта жаңғырту барысында өткізілгелі жатқан байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы шертпе дәстүрді меңгерген мыңнан оза шапқан шын таланттар қатыса алады.

Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалінің басты мақсаты – байырғы музыкалық мұраны дәріптеу, есімдері қазақ музыкасының тарихында алтын әріппен қашалған дәулескер күйшілер Тәтімбет пен Сүгір негізін қалаған шертпе күй дәстүрін халық арасында кеңінен тарату, дәстүрлі өнер өкілдерін ынталандырып, оларға құрмет көрсету. Жастарды халық назарынан тасада қалып бара жатқан күйшілік дәстүрге баулу, дарынды музыканттарды  анықтап, олардың кәсіби шеберлігін шыңдау.

Қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптейтін бұл  шара  еліміздің мәдени өміріндегі айшықты оқиғалардың бірі  болары сөзсіз.