Bugin
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін кінәлі деп танылған Бақытгүл Хаменоваға үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды.
Хаменова өткен жылдың 12 желтоқсанында кәмелетке толмаған балалары бар әрі жалғызбасты ана болғандықтан, үй қамағына алынған еді. Алайда қоғамда туындаған үлкен даудан соң, 23 желтоқсанда үй қамағынан түрмеге ауыстырған.
Еске салайық, Хаменова 2021 жылы 10 желтоқсанда Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан ірі көлемде пара алды деп айыпталған еді.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.