Bugin
Қазақстанда инфляцияның жоғары деңгейі сақталып тұр. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шолпанқұловтың сөзінше, азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсуі 17,9%-ға жеделдеді.
«Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағалары тез өсіп отыр. Өткен жылдың жоғары базасы есебінен шығу нәтижесінде жанар-жағармай мен автомобильдер бағасының өсуі баяулады», – деді Шолпанқұлов.
Ұлттық банк өкілінің айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5 пайызға жетті.
«Тұрғын үйді жалға алу қымбаттауын тоқтатқан жоқ. Энергия өндіруші компаниялардың тарифтері өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады. Қазан айында халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3 пайызға және 22 пайызға дейін күрт өсті. Екі көрсеткіш те 2016 жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляциялық күтулерге, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляция процестерінің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді», – деді Пірматовтың орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматтов елімізде жыл соңына дейін инфляция өсуін жалғастыратынын мәлімдеген.