Әлем

Әлемде адам саны ресми түрде 8 млрд-қа жетті - БҰҰ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың 15 қарашасында әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетіп, адамзат дамуының маңызды кезеңі басталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Біріккен ұлттар ұйымының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің мәліметінше, 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш 8,5 миллиардтан аспақ. Егер пандемияға дейін әлем жұртының орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 77 жасқа жетеді. Ал демографиясы қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында Үндістан, Мысыр, Пәкістан, Конго, Эфиопия, Нигерия, Филиппин мен Танзания бар. Керісінше экономикалық әл-ауқаты жоғары мемлекеттерде туу көрсеткіші азайып бара жатқаны айтылады.

Егер әлемдегі адам санының 7 миллиардтан 8 миллиардқа жетуіне 12 жыл қажет болса, 9 млрд адам болуы үшін 15 жыл керек. Ал 2037 жылы жер шарындағы адам саны тағы 1 млрд-қа артуы мүмкін. Бұл жалпы әлемдегі адам санының өсу қарқыны баяулағанын көрсетеді.