Bugin
Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
15 қарашада таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйітін табады.
Полиция басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталып жатыр.