Әлем

Мобилизацияланған азаматтарға соғыстағы жетістіктері үшін ақы төленеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мобилизация шеңберінде шақырылған азаматтарға соғыста жеткен жетістігі үшін ақы төленеді. Мұндай төлемді алу үшін Украина Қарулы Күштерінің техникасын, сондай-ақ жаудың адам күшін жою керек,  деп жазады Bugin.kz порталы Zvezdanews Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мобилизацияланған адамдарға құлаған ұшақ үшін 300 мың рубль, тікұшақ үшін 200 мың рубль төленетіні нақтыланды. Жойылған танк үшін әскери қызметкерлер 100 000 рубль, ал ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатқаны үшін 50 000 рубль алады.

BPM, BMD, бронетранспортерлер, өздігінен жүретін зеңбіректер, С-300, «Бук», «Тор», «Оса» сияқты техниканы жойғандарға 50 мың рубль көлемінде қаражат беру жоспарланып жатыр. Сонымен қатар әртүрлі тапсырмаларды шешкен және ерекше көзге түскен жауынгерлерге де төлемдер жоспарланған. Оның құны 100 мың рубльді құрауы мүмкін.