Спорт
Иран билігі футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Әли Даеиді өлім жазасына кесті. Ол қыркүйек айының басында полиция ұстағаннан кейін қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Даңқты футболшы Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды тоқтатып, елдің мәселелерін шешуге шақырған. Жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленгені жайлы мәліметтер бар.
Айта кетейік, 14 қарашада Әли Даеи Instagram-дағы парақшасына ФИФА-ның Катарға әлем чемпионатына шақырудан бас тартқанын жазған.
«Осындай қиын сәтте отаныммен бірге боламын», - деген еді ол.
Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.
Ол «Бавария», «Герта Берлин» және «Арминия» секілді командалардың сапында ойнаған.