Бренд

Шұлық дүкенінен - әлемдік сәнгерге дейін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әр әйел адамының гардеробында қара түсті кішкентай көйлек, ерлер стиліндегі шалбар, қалталы әрі баулы сөмкенің бары анық. Ол үшін қарапайым заттарды сәнге айналдырған Коко Шанельге алғыс айтуымыз қажет. Бүгінде атақты бренд жайлы білмейтіндер кемде-кем. Bugin.kz тілшісі «Шанель» атауының танымалдылығы жайлы мәліметтер ұсынады.

Chanel – әлемдік сәнге айналған француздық бренд. ХХ ғасырда Париж көшелерінде пайда болған кішігірім Chanel дүкенінің қазір әлем бойынша 300-ден астам филиалы бар. Ал сән әлеміне жаңа леп сыйлаған - Габриэль Бонер Шанель есімді француздық бойжеткен. Коко Шанель XX ғасырдың ең ұлы әйелдерінің бірі бола білді. 12 жасында жетімдер үйіне тапсырылып, сол сәттен-ақ тігін тігуді үйренген. Сән әлеміне қадамын шұлық сататын дүкеннен бастаған.

Ең алғашқы Шанель дүкені

Оның ең алғашқы ойлап тапқан киімі – ескі жемпірден жасалған қарапайым көйлек. Коко Шанельдің 1910 жылы ашқан дүкенінде әйелдерге арналған сәнді қалпақтар саудаланған. Кейіннен бас киімдердің қатарына әйелдер киімі қосылды.

Мәңгілік сәнге айналған қара көйлек

Коко Шанельдің арқасында нәзік жандылардың киім үлгісі ыңғайлы шалбар және қысқа қара көйлекпен толықты. Дәл осы уақытқа дейін батыс әйелдері қара түсті қайғы мен мұңға теңеп келген. Француздық сәнгердің арқасында кішкентай қара көйлек әсемдік пен стильге байланысты гала көйлектерге балама бола білді.

Фото: stylish-lady.ru

Фото: stylish-lady.ru

 

Қалталы иық сөмкесі

Сөмкені иыққа тағып, оған бірнеше қалтаны қосу да - Коко Шанельдің үздік идеяларының бірі. Алайда 1930 жылдардағы экономикалық дағдарыс салдарынан Шанель бизнесі құлдырай бастады. Француздық мадам «Соғыс - сәнге арналған уақыт емес» деп, өз қызметкерлерін тарата бастайды.

№5 CHANEL

1921 жылы Коко Шанель ұжымы хош иіс шығаруды жоспарлады. Талғампаз дизайнер жаңа әрі ұзаққа созылатын хош иіске қол жеткізгісі келді. Уақыт өте Beaux Шанельге 10 үлгідегі хош иістерді ұсынды және ол  дәл бес санымен таңбаланғанын ​​таңдап алды. Себебі Коко «бесті» өзінің бақытты нөмірі деп санаған. Фото: s0.tchkcdn.com

Сән әлемінің анасы

Бірнеше жылдық үзілістен соң Коко Шанель сән әлеміне қайта қадам басып, үздік образдарды жасай білді. Үлкен ортаға қайта оралу ұлы сәнгердің мерейтойымен тұспа-тұс келген. Осылайша, қарапайым шұлық дүкенінің қызметкері қажырлы еңбек пен толассыз шабыттың арқасында сән әлемінің анасына да айналып үлгерді.

Сымбат Наухан