Әлем

Үндістан халық саны жағынан Қытайдан асып кетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдағы жылы Үндістан халық саны жағынан Қытайдан асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Evronews.com сайтына сілтеме жасап.

Біріккен ұлттар ұйымының бейсенбіде жарияланған баяндамасында елдегі тұрғындардың көбеюі сарапшыларды алаңдататыны жазылған. Бүгінде елде 1,4 миллиард адам тұрады. Ал алдағы бірнеше онжылдықта ел тұрғынының қалалардағы саны ерекше қарқынмен өспек. Елдің мегаполистерінде халық тым тығыз орналасқанымен, қажетті инфрақұрылым жоқ.

Мумбайда тұрғындардың 40 пайызы су құбыры, электр мен кәріз жүйесі жоқ ауылдарда тұрады. 

Ал Қытайда 1980 және 2015 жылдар аралығында жүргізіліп, жақында ғана тоқтатылған «жалғыз бала саясаты» өзінің нәтижесін берді. БҰҰ өкілдері Қытай халқының саны келесі жылдан бастап қысқара бастайтынын айтады.

БҰҰ мәліметтері бойынша, 2050 жылға дейін Конго Демократилық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания сияқты 8 мемлекеттің тұрғын саны көбейе түседі.

Ғасыр соңына дейін халқы ең тығыз орналасқан Нигериядағы Лаос, Конго Демократиялық Респбликасындағы Киншас пен Танзаниядағы Дар-эс-Салам қалалары болмақ.