Әлем

Польша аумағына Ресей зымырандары құлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшаның Украинамен шекаралас Люблин аймағына екі зымыран құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Зымырандар Люблин қаласының маңындағы Пржеводув қаласына құлап, екі адам қаза тапты. Оқиға болған жерге полиция, прокуратура және әскери қызметкерлер жеткен.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Матеуш Моравецкий осы оқиғаға байланысты Министрлер кеңесінің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі комитетін шұғыл жинады.

15 қарашада Украинаның бірнеше аймағында жаппай жарылыстар болды. Нәтижесінде энергетикалық инфрақұрылым объектілері бүлініп, істен шыққан. Түстен кейін бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланды.