Bugin
Анасын өлтірген Қарағанды тұрғыны сот қорытындысы бойынша психиатриялы ауруханаға жіберіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Еkaraganda сайтына сілтеме жасап.
Стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушының психикасында кінарат бар.
«Қылмыс жасау кезінде не істегенін, әрекетінің қауіпті екенін білмеген, яғни өз-өзіне ие бола алмаған. Ол тергеуге және сотқа келе алмайды. Сол үшін медицина сипатында мәжбүрлеп қана апара алады», – деді сарапшы сотта.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») және 1-бөлігінің 293-бөлігі («Бұзақылық») бойынша жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 маусымға қараған түні Гапеев көшесінде ер адам бірнеше көліктің терезелерін сындырды. Полиция ер адамды ұстап, кейін оны үйіне жіберді. Наркология диспансерінде ер адамның қалыпты жағдайда екенін, денсаулық сақтау органдарында наркология және психиатрия есебінде тұрмағанын көрсетті.
«Қарағанды тұрғынын бостандыққа жіберген соң, үйінде 70 жастағы анасымен мәселені талқылаған. Сонда анасы көршілеріне қарызын қалай төлейтініне алаңдаған. Сол кезде ер адам анасын өлтіріп, қашып кетеді. Кейін оны полиция ұстады» делінген басылымда.
Қаулы заңды күшіне енді.