Әлем

АҚШ: Президент сайлауына Трамп қатыса ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы болатын президент сайлауына кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC-дің жаңалық қызметіне сілтеме жасап.

Кандидатурасы ұсынылған құжат федерал сайлау комиссиясының сайтында жарияланған. Оған сенсек, Ақ үйдің бұрынғы басшысы ендігі жуырда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде тіркелген.

8 қараша күні Трамп 15 қарашада маңызды мәлімдеме жариялайтынын хабарлаған еді.

«Америка орала бастады!..  Елді іштен құртып жатқан Демократия партиясында отырған радикал солшылдарды жеңеміз», – дейді ол.

Дональд Трамп – АҚШ-тың 45-президенті. Ол елді 2017 жылғы қаңтардан 2021 жылғы қаңтарға дейін басқарды.

АҚШ-тың жаңа президентін сайлау 2024 жылы қараша айында өтеді.