Спорт

Футбол: Әлемдік додада рекордтық көрсеткіш орнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қатарда болатын футболдан әлем чемпионатында рекордттық деңгейдегі жүлде қоры тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірер күннен кейін Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсеке қарсаңында жеңімпаздарға тағайындалған сыйақы көлемі жарияланды.

Әлемдік аламанда топ жарған команда 42 млн доллар алады. Бұл - футбол тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Мәселен 2018 жылғы дүниежүзілік додада жеңіске жеткен Франция құрамасына 38 млн доллар берілген.

Бұған қоса, 2-ші және 3-ші орын алған командаларға да көлемді сыйақы қарастырылған. Тіпті ең соңғы, яғни 32-ші орынға тұрақтаған құрама да назардан тыс қалмады. Оған 9 млн доллар табысталды. Жоғарыда айтқандай, әлем чемпионатына бас-аяғы 32 команда қатысады.

Халықаралық футбол федерациясы осы мақсатта 440 миллион доллар жұмсамақ. Ал әлем чемпионатының өзі 20 қараша мен 18 желтоқсан арасында өтеді.