Әлем
Американың Техас штатында әйел жүкті құрбысын құрсақтағы баласын алу үшін өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TXK Today сайтына сілтеме жасап.
Алқабилер соты Техас штатының тұрғынына өлім жазасын тағайындады. Ол жүкті әйелді өлтіріп, құрсағынан дүниеге келмеген баланы кесіп тастаған.
29 жастағы Тейлор Рене Паркер 2020 жылдың 9 қазанында кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Әйел 21 жастағы құрбысы Реган Хэнкокты балғамен ұрып өлтірді. Паркер бұл әрекетке құрсақтағы баланы ұрлау үшін барған.
Хэнкоктың анасы полицияға жүгініп, қызының іші кесіліп жерде жатқанын хабарлады. Марқұмның құрсағында нәресте болған жоқ. Сол күні Паркер ұсталады. Ол баланың мәйітін тізесінде ұстап, көлік жүргізген. Кіндікті шалбарына тығып, бәріне жаңа ғана босандым деп айтқан.
Сот барысында Паркер адвокаттары баланың өлі туылғанын мәлімдеді. Бірақ медицина сараптамасы бойынша бала анасының денесінен шыққан соң тыныс алған.
Паркер қылмысқа дейін бірнеше ай бойы жүкті болып көрініп, баланың жынысын анықтау кешін ұйымдастырған. Жақындарына оңай босанбайтынын айтып, Оклахомаға кесарь тілігін жасатуға барамын деп сендірді. Тергеу мәліметтері бойынша, ол сүйіктісін алдауға тырысқан.
Қазіргі уақытта ол өлім жазасына кесілетіндерге арналған Техас штатындағы Буй округінің түрмесінде отыр.