Bugin
Қазір елімізде көмір сатылатын 300-ге жуық теміржол тұйығы бар. Оның ішінде қатты отын саудаланатын 14 нүктесі қарастырылған 11 қойма (теміржол тұйығы) Астанада орналасқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, кейінгі 7 айда, яғни осы жылдың 1 мамырынан бастап 15 қарашаға дейін Астанаға 259,2 мың тонна көмір жеткізілген. Қазір еліміздің теміржол тұйықтарында қатты отынның көлемі – 317,8 мың тоннадан асады.
«Оның ішінде бас қаладағы теміржол тұйықтарында көмір қоры шамамен – 19,2 мың тонна. Ақмола облысында – 58 мың тонна. Астанадағы теміржол тұйықтарынан көмір Ақмола облысының таяу маңдағы елді мекендеріне (Жібек Жолы, Талапкер, Қосшы және Аршалы және т.б.) сатылады» делінген министрлік хабарламасында.
Елордадағы қатты отынның бағасына келсек, Майкөбе көмірінің тоннасы – 13 200 теңге, ал Шұбаркөл көмірі – 13 900 теңге және Қаражыра көмірі – 14 600 теңгеден сатылып жатыр.