Саясат

Олжас Сүлейменов саяси партия құрады

"Жасыл Ел"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың белгілі ақыны әрі қоғам және мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов саяси партия құруы мүмкін деп хабарлайды, Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Forbes басылымына сілтеме жасап.

«Байтақ – Болашақ» экологиялық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері Азаматхан Әміртайдың хабарлауынша, «Жасыл Ел» атты жаңадан экологиялық мәселелерді шешетін саяси партия құрылады. Партияның ресми ашылуы 2019 жылдың 18 наурызында жүзеге асады.

Аталған партияны құрушы және жетекшісі – Олжас Сүлейменов. 18 наурыз күні барлық құжаттар дайын болған соң, ҚР-ның Әділет министрлігіне ресми түрде хат жолданады. Олар шешімін шығарған соң, заңды түрде «Жасыл Ел» партиясы 40 мың қолтаңба жинап, алғашқы съезді ұйымдастыруды көздеп отыр. 

Айта кету керек, қазір елімізде тұрақты түрде әрі ресми тіркелген 6 саяси партия бар.