Қоғам
Алматыда Ресей әншісі Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы arbat.media сайтына сілтеме жасап.
«Обезоружена» атты концерт 2023 жылғы 14 ақпанда Almaty Arena-да өтуі керек еді. Билеттер сатыла бастағанда, бұған әлеуметтік желі қолданушылары «шоу болмасын, Гагарина Қазақстанға келмесін» деп қарсы шықты.
Бұған әртістің Ресейдің Украинаға соғыс ашқанын ашық қолдағаны түрткі болып отыр. Айта кетсек, ол биылғы наурызда Ресейдің Қырымды аннекциялағанына арналған концертте өнер көрсеткен.
Сыннан кейін концерт туралы ақпаратты билет сататын сайттар, кейін әншінің ресми сайты өшіріп тастады.