Bugin

Елімізде 147 адамның атына 20-дан астам баспана тіркелген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 700 мыңнан астам адамның екіден көп пәтері бар. Ал 147 адам 20-дан астам пәтерге иелік етеді. Бұл деректерді «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар форумында келтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның мәліметінше, 5,6 миллион адамның басында бір пәтерден бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» деректері бойынша, 2021 жылдың аяғында 6,3 млн адамның меншігінде үй бар. Елде 10 миллионға жуық экономика тұрғысынан белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар деген сөз. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш», - деді ол.

Сондай-ақ Ләззат Ибрагимова бір басында екіден артық баспана тіркелген қазақстандықтар жайлы мәлімет келтірді.

«Екіден көп пәтері бар жандардың санына тоқталсақ: 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны бар. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар, 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген», - деді ол.