Bugin

Өскеменде терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген оқушы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген оқушы ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, биыл 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қаупі жөнінде хат келіп түскен. Тексеріс барысында ақпарат расталмай, жарылғыш заттар анықталмады.

Аталған жағдайға байланысты терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД Эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама үшін қала мектептерінің бірінде оқитын 9-сынып оқушысын анықтап, ұстады. Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған.

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл (15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.

Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталып, олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыс үшін 14 жастан бастап жаза қолданады. Сондықтан оны мектеп оқушыларына да ескерту қажет. Сонымен қатар, соттың шешіміне сәйкес, осындай хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі.