Технология

NASA ең алып зымыранды айға сәтті ұшырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американың NASA ғарыш агенттігі Айға бет алған «Артемис-1» миссиясының аса ауыр зымыранын сәтті ұшырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зымыран Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан жергілікті уақыт бойынша сағат 1:47-де (Астана уақыты бойынша, сағат 12:47) көтерілді.

HighTech басылымының мәліметінше, зымыранды ұшырудың негізгі мақсаты - барлық жүйені сынақтан өткізу. Егер сәтті болса, келесі осыған ұқсас ұшу экипажбен бірге орындалмақ.

12 минуттық ұшудан кейін «Орион» ғарыш кемесі зымыран-тасығыштан бөлініп, белгіленген орбитаға шықты. Кейінірек NASA кеменің төрт күн массивінің барлығы сәтті орналастырылғанын хабарлады.

АҚШ ғарыш агенттігі жасаған арнайы сайттан «Орион» ғарыш кемесінің қозғалысын нақты уақыт режимінде тамашалауға мүмкіндік бар. Зымыран тасығыш пен ғарыш кемесі ұшыру, көтеру, күн массивін орналастыру, зымыранның сыртқы тексерулері, қону және қалпына келтіруді қоса алғанда, негізгі миссия оқиғаларын құжаттау үшін 24 камерамен жабдықталған. Кеме Жер мен Айдың жаңа суреттерін де жібере алады деп күтіліп отыр.

Еске салайық, тамыз айының соңы мен қыркүйектің басындағы екі сынақ сәтсіз аяқталған. Біріншісі, 29 тамызда, өлшеуіштер төрт негізгі саты қозғалтқышының бірі дұрыс суымағанын көрсеткенде, тоқтатылған еді. 3 қыркүйекте қайта іске қосу алдында, жанармай құю кезінде, сутегінен ағып, екінші ұшыр кезеңі де сәтсіз болған.