Bugin

Тоқаев Алматыдағы жатақхана мәселесін шешуге тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті студенттердің өмір сүру жағдайына тиісті көңіл бөлуге шақырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Президент Алматыда 37 мың студентті жатақханамен қамтамасыз ету өзекті мәселе екенін қадап айтты.

«Бүгінде Алматыдағы 37 мың студентке жатақхана жетіспейді. Құрылыс қарқыны қазіргідей бәсең болса, біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Оның үстіне, халық саны, студенттердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Үкімет келесі жылы 1 сәуірге дейін жатақхана тапшылығын жою үшін тың тәсілдер әзірлеуге тиіс», - деді мемлекет басшысы.