Әлем

2023 жылы Түркияда қонақүйлердің бағасы екі есеге қымбаттайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияда 2023 жылдың жазынан бастап демалыс бағасы 50 пайызға дейін қымбаттайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Келесі жазда бес жұлдызды қонақүйлердің бағасы екі есеге өседі. Төменгі сыныптағы қонақ үйлер болса, үш есеге қымбаттайды. Бұл туралы қонақүй бизнесінің өкілдері ескертті.

Туризм саласының өкілдері сұраныстың көптігіне байланысты бағаны көтеруге мәжбүр екендерін хабарлады. Шілде және тамыз айларында Түркияның курорттық қалаларындағы қонақүйлер 100 пайыз толық болады. Қазірдің өзінде бос орындар жоқ деуге болады. Бағаға жоғары деңгейдегі азық-түлік инфляциясының да әсері бар. Түркияда жыл басынан бері кейбір өнім бес есеге қымбаттаған. Билік шығындарды өтеу үшін қонақүй жұмысшыларының ең төменгі жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады. Қонақ үй иелері айтқандай, бағалар қазірдің өзінде 20%-ға көтерілді. Дегенмен ерте брондау науқандары арқылы бөлмелерді жеңілдікпен брондай аласыз.