БІЛІМ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жастарымен кездесу өткізіп, Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ университетінің филиалдары ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Менің тапсырмам бойынша шетелдік жетекші университеттермен академиялық ынтымақтастық нығайып келеді. Еліміздің түрлі қаласындағы отандық жоғары оқу орындары базасында ресейлік бірнеше ірі университеттің филиалдары ашылды. Ал Петропавл қаласындағы Kozybayev University оқу орнында 175 студент Аризона университетінің бағдарламасымен білім ала бастады. Жуырда Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ жоғары оқу орындарының филиалы ашылады», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев өз сөзінде талапқа сай келмейтін жоғарғы оқу орындары мен колледждердің жабылғанын айтты.
«Елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс», – деді ол.