Bugin

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада сағат 14:00 шамасында болған. 34 жастағы «Honda Avancier» маркалы автокөлік жүргізушісі Б.Момышұлы көшесінде шығыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп бара жатқан 12 жасар баланы қағып кеткен.

«Кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жол апаты салдарынан дене жарақатын алып, оқиға орнында қаза болды» делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61