Технология

Цифрлық даму министрлігі еліміздегі PlayStation мәселесін қалай шешуге болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың PlayStation желісіне қолжетімділік мәселесін шешу үшін Sony өкілдерімен кездесуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кету керек, PlayStation консольдерінің қазақстандық пайдаланушылары PlayStation Network есеп жазбасына қол жеткізуде қиындықтарға тап болуы жалғасып жатыр. Сондай-ақ Қазақстандағы банк карталары мен төлем жүйелері арқылы интернет-дүкенде ойындарды төлей алмай, қиындық туындап отыр.

«Министрлік Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігімен және еліміздің Америка құрама штаттарындағы елшілігімен бірлесіп, Sony Interactive Entertainment өкілдерімен тығыз байланыс үшін тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатыр. Мақсат - қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесін талқылау. Қазақстан Республикасының пайдаланушыларына PlayStation Network шотына, сондай-ақ елдің банк карталары мен төлем жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр» делінген министрліктің редакция сауалына берген жауабында.

Еске салайық, наурыз айында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин PlayStation цифрлық сервистерінің қазақстандық пайдаланушыларының мәселесін шешуді пысықтасын деп тапсырған.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айынан бастап, Ресейде Sony Interactive Entertainment тоқтатылғаннан кейін қазақстандықтар да өз аккаунттарында PS Store дүкеніне кіру мүмкіндігінен айырылды. Өйткені олар Ресей арқылы тіркелген (Қазақстан аймағы PlayStation жүйесінде жоқ).