Әлем
Канада билігі Украинаға тағы 34 миллион канадалық долларға (25,5 миллион доллар) әскери көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің қорғаныс министрі Анита Ананд таратқан мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Келесі көмек пакетіне қысқы жабдықтар мен жоғары ажыратуы бар дрон камералары кіреді. Оттава сонымен бірге канадалық спутниктерден алынған суреттерді Киевке жіберіп отырады.