Әлем

Ердоған: Ресейге саусақ шошайта берудің қажеті жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Польшаға зымыран шабуылы жасалғаны туралы мәлімдемесіне құрметпен қарау керегін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Индонезиядағы Бали G-20 саммиті аясында өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Режеп Тайып Ердоған Ресейдің мәлімдемесіне құрметпен қарау керегін жеткізді. Польша аумағына қонған зымыранның сынықтары ресейлік емес екені белгілі болғаннан кейін ол Ресейге «саусақпен нұсқау» шиеленісті одан әрі ушықтыратынын айтты.

«Біз Ресей мен Украинаны бір үстелге отырғызуға тырысып жатқанда, бұл соғыста үшінші тарапты іздеудің қажеті жоқ», - деп қосты Ердоған.

Ердоған Балиден оралған бойда Стамбулдағы астық келісімін Владимир Путинмен кем дегенде бір жылға ұзарту туралы сөйлесетінін хабарлады.

«Сонымен қатар тыңайтқыштар мен аммиак тасымалдау мәселесін талқылаймыз», - деді өз сөзінде Түркия басшысы.