БІЛІМ

Министр Саясат Нұрбек Логистика және көлік академиясы ұжымымен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Логистика және көлік академиясына барып, профессор-оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Оқытушылар министрге жоғары оқу орнында әзірленген «Master of Technical Administration» (MTA) және «Doctor of Technical Administration (DTA)» бағдарламалары туралы айтып берді. 

Жаңа кәсіптер атласына сәйкес академия қазірдің өзінде инновациялы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде IT, энергетика, цифрлық логистика, көліктегі робототехникалық жүйелер және еңбек нарығында аса сұранысқа ие басқа да бағдарламаларды әзірлеп, іске қосқан.

Логистика және көлік академиясы ұжымы

Логистика және көлік академиясы ұжымы

Сондай-ақ министр Логистика және көлік академиясының профессор-оқытушылары мен білім алушыларының зияткерлік әзірлемелерімен, оқу корпустарымен және аудиторияларымен, ғылыми зертханаларымен, оқу орталықтарымен және оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Саясат Нұрбек бәсекеге қабілетті мамандықтарды дамыту мен енгізудің және білім және ғылым саласындағы жаңа технологиялық шешімдердің маңыздылығы туралы айтты.