Bugin

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ басқарма шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды» делінген хабарламада.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Көшербаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды.

2019 жылы президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

2012-2013 - Қызылорда облысының әкімі.