Bugin

McDonald's компаниясы Қазақстанда өз жұмысын уақытша тоқтатады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

McDonald's фаст-фуд мейрамханалар желісі Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

McDonald's жеткізілімдегі шектеуге байланысты 18 қарашадан бастап Қазақстандағы жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады» делінген хабарламада.

McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) компаниясы Қазақстанда 6 жылдан бері жұмыс істейді. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандыда 24 мейрамханасы бар. Мұнда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.