Bugin

Ұрыны балтамен ұрмақ болған қария интернетте қызу талқыға түсіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде зейнеткердің ер адамға балтамен шабуыл жасаған видеосы пайда болды. 63 жастағы Талғар ауданының тұрғыны белгісіз адамды құрылыс материалдарын ұрлап жатқан кезде ұстап алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы оқиға 16 қарашада Талғар ауданы Ақдала ауылында болғанын хабарлады.

Алматы облысының полиция департаменті атап өткендей, 16 қараша кешкісін Талғар ауданы полициясының кезекші бөліміне 63 жастағы жергілікті тұрғын шағым түсірген. Зейнеткер құрылыс материалдарын ұрлап жатқанда ұстап алған белгісіз адамға шара қолдануды талап еткен.

«Оқиға орнына жеткен патрульдік қызмет мүшелері 46 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полицияға жеткізіп, тергеді. Факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР Қылмыстық кодексі 187-бабы бойынша тергеу басталды», - деді өңірлік ПД баспасөз қызметіндегілер.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.