Bugin

Қайрат Құдайберген бостандыққа шыға ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі 21 желтоқсанға дейін ұзартылды.

«2022 жылғы 17 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенге қатысты қамауда ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», делінген сот хабарламасында.

Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды.

Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында экс-депутат Арман Жұмагелдиев екеуі «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинағаны белгілі болды. Сондай-ақ Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдауға және билікке ортақ талаптарды алға тартуға шақырғаны анықталды.