Bugin

Қазақстандағы министрлердің жалақысы қанша?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Парламенті сенаты отырысында Қаржы министрі – Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.

«Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең азы деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Премьер-министрден оның қанша жалақы алатынын да сұрады. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы айлығының сомасын жария ететінін айтты.

«Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын… Дәл қазір нақты айта алмаймын», – деді Ерұлан Жамаубаев.