Bugin
2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен ағымдағы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздікті жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің сайтына сілтеме жасап.
Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған.
Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланды.
Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтыра отырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.
Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған.
Күдіктілер ҚР ҚПҚ 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, жиырмасыншы қарашада елімізде сайлау өтеді.