Bugin
Жамбыл облысының тұрғыны қызыл кітапқа енген жануарды аулаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» өңірлік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жиенбет ауылына 25 шақырым қашықтықтағы алқаптан Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған 29 жастағы ер адамды ұстады.
Ұстау барысында аталған алқаптан мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Тоyota Land Cruiser 80 автокөлігі, Қызыл кітапқа енген жануардың терісі, тіркелмеген 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық табылды.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 2-бөлігі («Заңсыз аң аулау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.