Жұма күнгі ауа райына байланысты «Қазгидромет» ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұма күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/c күтіледі» делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

18 қарашада түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

«18 қарашада Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, тау асуларында күші - 15-20 м/с. Шымкент қаласы: 18 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қаласы: 18 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі»,- деп хабарлады синоптиктер.

18 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Орал қаласы: 18 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

18 қарашада солтүстігінде Павлодар облысының тұман күтіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61