Bugin

Алматы облысында мектеп оқушысы тапталып қала жаздады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы, Талғар ауданында мектеп оқушысы сырт киімін алмақ болғанда құлап, оны таптап кете жаздады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Талғар ауданындағы №3 мектепте болған. Сабақ уақыты біткен соң, балалар жаппай гардеробқа сырт киіміне қарай жүгірді. Кадрлардан мектеп оқушыларының бірі еденге құлап қалғанын көруге болады. Қалған балалар бұған  мән бермейді. Үстінен аттап өтіп, әрі қарай гардеробқа кіре береді.

"Мектеп жөнделген болса да, жүйе жоқ! Бала тапталып, құлап жатыр, ал мектеп әкімшілігі қайда қарап отыр? Бұл балалар ғой! Гардеробта қыз құлап, оны таптап кете жаздады. Күзетші де, мұғалім де жоқ. Сонда осының бәріне кім қарау керек?",- деді ашуланған ата-аналардың бірі.

Бей-жай қарамайтын балалардың бірі қызға көмектесіп, оны еденнен тұрғызады. Бірақ мектеп оқушысы қатты қорқып қалған.

Осы оқиғадан кейін мектепте сырт киімдерді сынып ішіне әкелу туралы шешім қабылданды, өйткені штатта гардеробшы жоқ екен.