Психология
Биыл Forbes басылымы ұсынған әлемдегі ең ірі компаниялардың рейтингі The Global 2000 тізімінде Toyota Motor коропорациясы 10-орынға жайғасты. Ал әлем бойынша үздік ондыққа кіретін Toyota-ның жұмыс істеу жүйесінде өз әдісі бар.
Бұл ерекше әдіс күнделікті өмірде де шешімін таппай жүрген мәселелердің түйінін тарқататын болғандықтан, жапондықтар үшін ғана емес, әлемге танылып үлгерді. Ең алғашында «5 неге?» әдісі көліктердің сапасын жақсарту мен ақаудың қайдан шыққанын анықтау үшін пайда болған. Мұндай әдіснаманы енгізген Toyota Corporation компаниясының негізін қалаған Сакити Тойода. Әдіс бойынша кез келген жағдайда «неге?» деген сұрақты 5 рет қоя отырып, мәселенің шығу тегін анықтауға болады делінеді. Бүгінде Кайдзен техникасы, Алты сигма концепцияларымен қатар қолданылады.
Мәселен, компанияда қозғалтқыш істен шықты деген мәселе бар делік:
1. Неге?
– Қуаттағышы сөніп қалды.
2. Неге?
– Генератор жұмыс жасамайды.
3. Неге?
– Генератор жетегінің белдігінде ақау бар.
4. Неге?
– Генератор жетегінің белдігі дұрыс жұмыс жасап тұрғандықтан, осы уақытқа дейін мүлде ауыстырылмаған.
5. Неге?
– Ресурсы таусылғандықтан, енді ауыстыруды қажет етеді.
Тек 5 сұрақпен шектеліп қалмай жалғастыруға болады, дегенмен 5 «неге?» мәселенің алғашқы себебін табуға толықтай жеткілікті. Бастысы, жауап беруші логикалық қақпандарға түсіп қалмауын және болжам айтпауын қадағалау керек. Сіздің түпкі ойыңызды оқуға көмектесетін әдіс тек жұмыс барысы емес, жеке сауалдардың да жауабын табуға септігін тигізеді. Мысалы сіздің Iphone 12 алғыңыз келеді:
- Себебі бәріне мақтанғым келеді.
2. Неге мақтанғыыз келеді?
- Маған назар аударғанын қалаймын.
3. Неге назар аудартқыңыз келеді?
- Себебі назар аудармаса сенімсіз сезінемін.
4. Неге сенімсіз сезінесіз?
- Өз орнымды таппай, жетістікке жете алмай, бір орнымнан қозғалмай қалған сияқтымын.
5. Неге өз орныңызды таппай жүрсіз?
- Себебі, өзім қалаған, ұнайтын іспен айналысып жатқан жоқпын.
Осы тұста онда Iphone 14-тің не қатысы бар деген заңды сұрақ туындайды.
Мәселенің негізгі себебі табылды. Ол – ұнамайтын іспен айналысуы. Шешімі – өзі ұнататын жұмыс табу. Бесінші жауабыңыз шын мәніндегі жасырған, мойындағыңыз келмейтін қалауыңызды әшкерелейді. Бұл әдіс арқылы талай армандар мен қалаулардың тізімін қысқартуыңызға болады Бес неге арқылы шиеленіскен мәселелерді де, техникалық мәселелердің себеп-салдарын да анықтай аласыз.
Бұл тәсілдің арнайы өз формуласы бар. Формула 5 неге(why) деген сұрақтың соңында 1 қалай(how) деген жауаптың дайын тұратынын алға тартады. Сакити Тойода негізін қалаған әдісте басты назар аударатыны – кінәлілерді іздеу емес, мәселенің түп-төркіні қайдан щыққанын анықтау. Сондықтан да Toyota компаниясының қызметкерлері осы әдісті қолдану арқылы жазаланбайтынын, әрі екінші рет бір қателікті қайталамау үшін шығарылған әдіс екенін түсінгендіктен белсене қолданады. Бұл қадам өз кезегінде компанияның әлі де жарқын болашағының кепілі екенін дәлелдей алады.
Қалай жұмыс істеу керек?