Bugin

Петропавлда жарылыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 9 адам зардап шекті. 

17 қарашада сағат 16:16-да орталық өрт байланыс пунктіне қоңырау түседі. Онда Петропавл қаласы, 1-Гашек өткелі, №8 мекенжайында техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында жарылыс болғанын хабарлайды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын анықтады.

«Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам «Жедел жәрдем» көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61