Bugin

Астанада алаяқтықпен айналысқан екі студент ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада алаяқтықпен айналысқан екі студент ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы екі жігіт тауар несиелері бойынша «пайдалы бизнес» ұйымдастырған. Студенттер 19 азаматты алдаған, олардың арасында достары, курстастары мен таныстары бар.

«Күдіктілер алдаудың қылмыстық схемасын ойлап тауып, таныстарына банктен тауар несиесін рәсімдеп беруді ұсынған. Көбінде Iphone ұялы телефонының соңғы модельдерін сатып алған. Жігіттер банктегі байланыстары арқылы кредиттердің күшін жоя аламыз деп сендіріп, қызметі үшін 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін қаражат алған. Студенттер жаңа гаджеттерді алғаннан кейін қаланың сауда үйлерінде сатқан» делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді елордалық Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізілген. Шығын сомасы анықталып жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта полицейлер аталған адамдардың заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды анықтап жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61