Bugin

Талдықорғанда ер адам 12 жастағы оқушыны аңдыған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғанда ер адам 12 жастағы оқушыны мектептен үйіне дейін аңдып барған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға туралы жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Оның айтуынша, қыз үйдің кіреберісіне жақындағанда, ер адам «жыныстық сипаттағы әрекеттерді» жасаған.

Полицияның хабарлауынша, оқушы зардап шекпеген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтауға кіріскен.

«Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шараларды қаланың полиция күштері жүзеге асырады. Оларға облыстық департаменттің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері де қосылған» делінген хабарламада.

Жетісу облысының полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс ерекше бақылауға алынды.