Bugin
Мемлекет басшысының атынан Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді.
Сонымен қатар өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетеді.
«Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Қазіргі таңда Асқар Забикулиннің денсаулығы ауыр жағдайда, ал Аян Кемпіровтің жағдайы – орташа дәрежеде.