Bugin

Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылып, үш қызметкер зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін күндіз Аршалы кентінің Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің бөлек тұрған ғимаратында жылыту қазандығы жарылған. 90 шаршы метр алаңда құрылыс қондырғылары бұзылды. 

«Қазандық жарылғанда, мектептің 3 жұмысшысы зардап шекті. Оның біреуін құтқарушылар алып шыққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.

Қазір олардың денсаулығын тексеріп жатыр.