Технология

Қазақстанда алғашқы метағалам пайда болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда алғашқы метағалам пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Atameken Business-тің кореялық SK Telecom компаниясының консультативтік кеңесінің мүшесі Евгений Смагинмен болған эксклюзивті сұхбатында айтылды.

Спикер қазіргі таңда 2 миллионға жуық кореялық қолданушы метағаламды белсенді түрде пайдаланып жатқанын айтты. Жыл соңына дейін платформаға әлемнің 80 елі, соның ішінде Қазақстан да қосылуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ІІМ ТЖК отандық пенитенциарлық жүйені метағаламға көшіруді жоспарлап отырған жобаны жариялаған болатын.  Мұнда ойыншының негізгі мақсаты келген сотталғандарды түзету болады.