Bugin

2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар қанша жалақы алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков 2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар жалақысы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков мәлім етті.

«Жалақыны көтеру жоспары Үкіметпен алдын ала келісілген. Келесі жылы өсім 10-нан 70 пайызға дейін болуы керек. Бір жылдан бес жылға дейін жұмыс істейтін қызметкерлерге айына - 180 мың. Бес жылдан 10 жылға дейін жұмыс істегендердің жалақысы өседі. Еңбек өтіліне байланысты өсім жоспарланып жатыр. 15 жыл және одан да көп жұмыс істегендер үшін жалақы 300 мың теңгеден жоғары болады», - деді Марат Көлдіков.