Технология

Баланың туу туралы куәлігін енді мобилді қосымша арқылы алуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді ата-анаға сертификат беруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжатты онлайн ресімдеп, нәресте күтіміне алаңсыз уақыт бөлуіне болады.

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп жаңа қызметті іске қосты. Енді баланың туу туралы куәлігін онлайн, Kaspi.kz қосымшасынан ала аласыз. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Михаил Ломтадзе: «Біз қазақстандық отбасыларға арналған инновациялық сервистерді үнемі дамытып келеміз. Біз әлеуметтік шот ашу, бала тууға байланысты жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған әлеуметтік төлемдер сияқты қызметтерді іске қостық. Қазір Kaspi.kz мобильді қосымшамызда баланың туу туралы куәлігін беру мүмкіндігі бар. Біз бұл қызметті Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп іске қостық. Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді әрбір қазақстандыққа қолжетімді ету мүмкіндігі үшін және тұтынушыларымызға алғыс айтамыз!»

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Бала дүниеге келген кезде Қазақстан азаматтары жәрдемақы тағайындау туралы SMS-хабарлама және баланың туу туралы куәлігін беру туралы өтінішхат алады. Ендігі жерде анықтаманы мемлекеттік органдарда беруге болады. Мұны Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүзеге асыра алады».

Цифрландыру министрлігі құрған мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесу форматы танымал қосымшаларға ыңғайлы және пайдалы қызметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл механизм азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Туу туралы куәлікті тікелей Kaspi.kz қосымшасында алуға болады. Өтініште баланың аты-жөнін және ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚО-ны таңдау керек.

Өтінім берген кезде ата-ана Kaspi.kz қосымшасында смартфон камерасында бет-бейнесін көрсету арқылы бейне тексеруден өтуі керек. Бұл бөгде адамдардың құжаттарыңызға қол жеткізуіне жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар өтінішті екі күн ішінде қарайды. Сертификат Kaspi.kz қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ, құжатты таңдалған ХҚО-дан ыңғайлы уақытта алуға болады.